Шұрайлы Шолпаным♡

  • Подписчики: 138 подписчиков
  • ID: 93656224
Блокировка:
Нет ограничений
Верификация:
Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
закрытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
club93656224

Описание

Менің ауылым — Шолпан Сағындым ауыл жотаңды сенің, Жүректен жалын оталды сезім. Туған жер десе толғатып тілім, Бейкүнә жырға босанғыш едім. «Адамның көзі өлгенде бір уыс топыраққа ғана тояды» деген бар. Көнекөз қарт ата-әжелерімізден: «Туған жердің топырағы бұйырып, сүйегімді туған жеріме қойса немесе мен өлгенде бір уыс топырақ салсаңдар болғаны» дегенді сан мәрте естігенім бар. Естісемде осының мән-мағынасына терең бойлай бермейтінмін. Осының мәнін сұрапыл соғыс жылдарында, майданда толарсақтан қан кешіп, қаза болған боздақтардың туған жерінің бір уыс топырағына зар боп кеткенін еске алғанда ұғынатындайсың. Иә, бұл бір бөлек әнгіме. Таяқты ат қып мініп, асыр салып ойнап жүргенде туған ауылдың қадір-қасиетін біле бермейтінбіз. Сол оралмас ыстық күндерді артқа тастап, «қайдасың қала?» деп, ауылдан аттап басқанымызға да біраз жылдың жүзі болыпты. Кімнің сөзі екенін есіме түсіре алмадым «Ақындар ауылда туып, Алматыда өмірден өтеді» дегенді естігенім бар еді. Осы сөзде ақиқат бар. Барлығы ауылда туып, ауылда өсті…. Менің ауылымның аты «Шолпан» деп аталады. Ауылда біздің құлақ етіміз әбден үйреніп кеткен өзен, төбе, тоғай тағы басқадай тарихи орындардың атаулары жетерлік. Солардың неліктен олай атауының мәніне жете бермеппіз. Ол атауларды жақсы білетін көнекөздеріміздің де қатары сиреп барады. «Шолпан» ауылы Үржар ауданына қарасты (бұрынғы Таскескен ауданы) Алматы-Өскемен тас жолынан үш шақырым қашықтықта орналасқан Тарбағатай тауынан бастау алып, Сағат көліне құятын «Қарақол» өзенінің бойында орналасқан. Қарақол (ауыл атауы) мен Таскескен ауылының қақ ортасында. Ауыл 1920 жылдан бері «Жанама» бекеті ретінде белгілі болған. Тарихқа сүйенер болсақ 1860 жылы Сыр бойынан «Қожа» дейтін дін таратушылар келе бастайды. Одан оларға жер берілмей осы Қарақол өзенінің бойындағы Жанаманы жайлап, мекендей бастайды